00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Блогер жол ортасында шомылғаны үшін қамауға алынды

Блогер жол ортасында шомылғаны үшін қамауға алынды
коллаж Elorda.info

Талғарда жаяу жүргіншілер өткелінде «ваннаға түскен»  блогер қамауға алынды, деп хабарлады Elorda.info Алматы облысы Талғар аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Алматы облысы Талғар аудандық сотында ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай әрекеттер) бойынша азамат Ә. қатысты әкімшілік іс қаралды.

2 ақпанда сағат 20:00  шамасында азамат Ә. Талғар қаласы, Қонаев көшесінде аудандық әкімшілік ғимаратының алдында, жаяу жүргінші жолағының ортасына көбік толған ваннаны қойып, ішінде компот ішіп жатқан. Азамат Ә. өзінің іс-әрекетімен жол жүргіншілерге кедергі келтіріп, қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi бұзған. Құқықбұзушы Ә. кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасымен және оның түсініктемесімен толық дәлелденген, - деп жазылған хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сот қаулысымен құқықбұзушы Ә. ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, - деп жазылған хабарламада.