Блогер Фариза Төреәлі ата-анасына ерекше тосынсый жасады
Төреғали Төреәлі әкесін қуантқан қарындасының сыйлығына риза болып, «Енді Тоғали көке Пағижде демалады», – деп әзілдеді.
«Әкемнің туған күніне анам екеуіне Пағижге жолдама. Әкемнің сыйлығына анам қатты қуанды. Ес білгелі әкемнің еңбекқорлығын, ақ ниетін, әрбір істі тек адалынан жасайтынын, әсіресе «отбасым» деп ішкен асын жерге қойып біз үшін бәрін істейтінін көріп өстім. Әкемізге қанша алғыс айтсақ та аз шығар. Бала-шағасын өсіріп, өндіріп, енді немерелеріне әлемде жоқ ата рөлінде қамқорлығын аямай төгіп жатыр. Әкешім, туған күніңіз құтты болсын! Қазіргі кезде ата-анамызға керегі тек эмоция, естеліктер ғой деп өздері қалап жүрген елге саяхат сыйладық. Бастысы, қатты қуанды», – деп жазды блогер.
Cонымен қатар туған күн иесі құттықтап жатқан барлық оқырманға алғыс білдірді.
«Бүгін менің туған күнім, ең үлкен бар байлығым бала-шағам, немерелерім, жақындарыммен тойлауды нәсіп етті. Аллаға шүкір! Парижге әжесімен бірге баруға жолдама Дара қызымнан болды. Дастарханымыз қуанышты күннен жиылмасын, сіздерге де жұғысты болсын! – деп жазды Төреәлі Әлиханұлы.