Биыл отандық әуе компаниялары 5 миллионнан астам жолаушы тасымалдады
12 шілде, 2024
Салтанат Мұратқызы
Султан Cеитов
Жыл басынан бері еліміздегі әуе компаниялары 5,5 млн жолаушыны тасымалдады, деп хабарлады Elorda.info Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17%-ға артық.
Қазір аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша 6 әуе компаниясы жолаушыларға қызмет көрсетеді.
«Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көлікке деген қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін елдің 9 өңірінде 19 ішкі авиамаршрут субсидияланады.
Халықаралық әуе қатынасы туралы айтатын болсақ, аптасына 619 жиілігімен 107 бағыт бойынша 29 елге рейс ұшатынын атап өткен жөн. Оның ішінде, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Катар, Қытай, Малайзия, БАӘ, Таиланд және басқа елдер бар», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті
21 қараша, 2024
ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды
21 қараша, 2024
Халықаралық конференцияда өрт-құтқару спортын дамыту мәселелері талқыланды
21 қараша, 2024
Астанада ақын Әбубәкір Смайыловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті