Биыл елде 600 жаңа жұмыс орны ашылады – Мұхамед Андаков

28 наурыз, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Биыл елде 600 жаңа жұмыс орны ашылады – Мұхамед Андаков
Фото: Freepik

Бұл туралы бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жеңіл өнеркәсіп саласында қазіргі таңда 1 411 кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде 800 тігін кәсіпорын, 481 тоқыма бұйымдарын өндіру, 122 былғары және оған қатысты тиесілі. Соңғы 5 жылда елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында жаңа 3 мың жұмыс орны құрылды. 40-тан астам жоба іске қосылды. 2021 жылы Шымкент қаласында кілем зауытын кеңейту жобасы енгізілді, 2023 жылы БҚО-да «Биг-бэг» сөмкелер өндірісі қосылды. Биыл жаңа 9 инвестициялық жоба қосу жоспарланып отыр және 600 жаңа жұмыс орны ашылады. Олардың ішінде маңыздылары: Ақтөбе облысында жүнді терең өңдеу жобасы, Түркістан облысында тоқыма бұйымдарын өндіретін мақта кешені, Шымкент қаласында шұлық өндіру жобасы», - деді Мұхамед Андаков.