Биыл Астанада 200-ден астам адам кәсіптік оқудан өтеді
Бұл туралы бүгін Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Жұмыссыздарға арналған қысқа мерзімді курстар: кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өткен брифинг барысында қалалық «Еңбек мобильділігі орталығы» директоры Олжас Омар айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Орталық директоры қаладағы жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту, кадрларды даярлау туралы айтып берді.
Биыл елордада 210 адамды кәсіптік оқытумен қамту жоспарлануда. Оның ішінде жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша 150 адам және жұмыс берушінің жұмыс орнында 60 адам. Бүгінгі таңда 93 адам білім алуда, 9-ы курстарды аяқтап үлгерді. Ал курсты аяқтаған 9 адам тұрақты жұмысқа орналасты, - деді спикер.
Қатысушылар келесі мамандықтар бойынша білім алған. Шаштараз – 37, макияж суретшісі – 24, маникюр шебері – 10, тігінші – 7, косметолог – 5, аспаз – 3, тәрбиешінің көмекшісі – 2, электромонтер/ электр газбен дәнекерлеуші/жиһаз жасаушы – 1.
Көріп отырғанымыздай, ең өзекті мамандықтар қызмет көрсету саласына жатады. Осы ретте, кәсіптік оқытудың талаптары мен артықшылықтарына толығырақ тоқталғым келеді. Оқыту екі бағытта жүргізіледі: 1)жұмыс берушілердің өтініші бойынша білім беру ұйымдарында; 2)жұмыс берушілердің жұмыс орнында, - деді ол.