00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған бас имам жазаланды

18 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған бас имам жазаланды
фото: ElordaInfo

Бұл туралы мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

2022 жылы 17 қазанда экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қиған  республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырминге қатысты тәртіптік шара қолданылған. 

Айта кетейік, Бишімбаев пен оның марқұм әйелі Нүкенова заңды түрде некелеспеген. Бірақ, олар екі рет бір мешітке барған және екі рет бір имам мұсылманша некелерін қиып берген. Бұл туралы Бишімбаевтың сотында айтылған.

2022 жылдың 17 қазанында Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте Қ.Бишімбаев пен С.Нүкенованың өз өтініштері бойынша куәгерлердің қатысуымен олардың некелері қиылған. Аталған азаматтардан және олардың туыстарынан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде, олар «жасалып жатыр» деп жауап берген. Олар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген. Аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіттің имамы Қ.Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды, - деп жазады Ағабек Қонарбайұлы.

Қанат Қыдырмин бұрын Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры қызметін атқарған.