Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі жарияланды
2 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
фото: Батыс Қазақстан обласы әкімдігінің сайтынан
Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлады Elorda.info.
Тиісті шешімге өңір әкімі Нариман Төреғалиев қол қойды.
Аталған шешімге сәйкес БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов төтенше жағдайды жою штабының басшысы болып тағайындалды.
Айта кетейік, өңірде су тасқынына байланысты күрделі жағдай қалыптасқан. Облыстың Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлер су астында қалды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 4 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның жартысы балалар. Облыс көлемінде су тасқынынан зардап шеккендер үшін жедел-эвакуациялық пункттер ұйымдастырылып, қажетті жағдайлар жасалуда, - деді БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті
21 қараша, 2024
ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды
21 қараша, 2024
Халықаралық конференцияда өрт-құтқару спортын дамыту мәселелері талқыланды
21 қараша, 2024
Астанада ақын Әбубәкір Смайыловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті