00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бас прокуратура Майқайыңдағы апатқа қатысты мәлімдеме жасады

23 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бас прокуратура Майқайыңдағы апатқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ortcom.kz

Бас прокуратура Майқайыңдағы апатқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қатысты тергеу жөніндегі комиссия құрылды. Іс бойынша процессуалды прокурорлар тағайындалды.

Қазба орнынан автобустың бірнеше фрагменттері мен құтқарушылардың жеке жабдықтары жер бетіне көтерілді.

Қазіргі уақытта оқиға орнына жол салу үшін топырақ шығарылып, геосканерлеу жүргізілуде, шағын көлемді экскаваторлар түсірілді, екі құтқарушыны іздеу жалғасуда

Тау жыныстарының тұрақсыздығына және шұңқыр астында қуыс жерлер пайда болып, топырақтың басуына байланысты жұмыстарды жүргізу қиындауда.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 147 адам, 45 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде кәсіпорынның 40-тан астам қызметкерінен, сондай-ақ ЖШС басшылығынан жауап алынды, қажетті құжаттар, бейнебақылау камераларынан жазбалар алынды. Іс бойынша жолдың опырылып құлау себептерін анықтау үшін елдің әртүрлі аймақтарынан тау-кен-құрылыс жұмыстары саласының мамандарын тарта отырып, бірқатар сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада. 

Тергеу Бас прокуратураның бақылауында.