00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады

30 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады
freepik.com

Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда, деп хабарлады Elorda.info.

29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде бұрынғы Ішкі істер экс-министрі Е.Тұрғымбаев ұсталды.

Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды, - делінген хабарламада.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелген.