00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бандитизм, қарулы шабуыл және адам өлтіру: Қылмыстық топтың серкесі 25 жылға сотталды

14 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бандитизм, қарулы шабуыл және адам өлтіру: Қылмыстық топтың серкесі 25 жылға сотталды
фото: www.gov.kz

26 жыл бұрын қылмыстық топ құрып, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары аумағында аса ауыр қылмыс жасаған азаматқа үкім шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Жоғарғы соттың мәлімдеуінше, К. есімді азамат 1998 жылы қылмыстық келісім бойынша және пайдакүнемдік мақсатта азаматтарға қарулы шабуыл жасау және заңсыз баю мақсатында тұрақты қылмыстық топтың әрекетін ұйымдастырған және белсене қатысқан. Бұл ұйымдасқан қарулы топ, оның ішінде К.-ның басшылығымен ұзақ уақыт бойы әрқайсысына рөлдерді бөліп, әзірленген жоспар бойынша бірнеше рет топтық шабуыл жасаған. Олар полиция қызметкерінің формасын, маяктарды, көліктер мен мемлекеттік жалған нөмірлерді пайдаланған.

«1998-1999 жылдары Қ.-ның басшылығымен қылмыстық топ Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында бірқатар аса ауыр қылмыстар жасаған. Банда мүшелері автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерді өлтірген, одан соң олардың мәйіттерін шұңқырға көмген», - делінген хабарламада.

К.жалған құжатты пайдаланып, тергеу мен соттан жасырынып, іздеуде жүрген. Алайда 2024 жылдың қаңтарында қолға түсті.

Айыпталған қылмыстар бойынша сотталушының кінәсі, оның ішінде 5 адамды өлтіргені, куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және 1999 жылғы қарулы топтың басқа мүшелеріне шығарылған үкіммен дәлелденді.

«Қылмыстық кодекстің 69-бабына сәйкес, егер адам аса ауыр қылмыс жасаған күннен бастап 15 жыл өтсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс жасаған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және жаңа қылмыстардың алдын алу мақсатында сотталушы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «А, Ж, З, Н» тармақтарымен (1997 ж. редакциясы) кінәлі деп танылып, 25 мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деп көрсетті Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.