00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Балам бір кітапты оқығаны үшін 11 мың теңге төлеймін – қаржыгер

Балам бір кітапты оқығаны үшін 11 мың теңге төлеймін – қаржыгер
Скриншот: Instagram/dina_tolepbergen

Ғалым Құсайынов баласының кітапқа құштарлығын осылай ашады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы ол тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты.

Бұл кітап көлеміне байланысты. Үлкен кітап болса, 11 мың теңге төлеймін. Бір кітапты 3-4 күнде оқи алады. Мен неге кітапты қолға алдым? Себебі олар телефон мен гаджеттерге құмар. Мен балаларға тыйым салатын адам емеспін. Мен оған қолдануға тыйым салмаймын. Ол қалағанша қолданады. Мен өзі телефоннан бас тартатындай тапсырма қойдым. Себебі әрбір тыйым баланың қалауын құртады. Ниет – баланың кітап оқуын әдетке айналдыру, - деді қаржыгер.