Қазақстанда шаруалар үшін жеңілдікпен несие беру іске қосылады
8 шілде, 2025


Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімді екі есеге көбейту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда шаруаларға жеңілдікпен несие беру бойынша екі бағдарламаны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Олар мал шаруашылығын дамытуды қолдауға және кәсіпорынды айналым қаражатымен қамтамасыз етуге арналған. Қаржыландырудың жалпы көлемі 100 млрд теңгені құрайды.
Бірінші бағдарлама ірі қара мен ұсақ малдың асыл тұқымды мал басын сатып алуға 50 млрд теңге бөлуді көздейді. Шаруалар жылдық 5%-бен ұзақмерзімді несие ала алады. Тағы 50 млрд теңге ағымдағы қаржыландыру тетіктеріне ұқсас, жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын айналым қаражатын кредиттеуге бағытталатын болады.
Ұқсас жаңалықтар

15 шілде, 2025
Әскери қызметшілер жоғалған баланы тауып, ата-анасына қайтарды

15 шілде, 2025
Елімізде шылым шегетіндер саны былтырмен салыстырғанда 3 пайызға азайды

15 шілде, 2025
Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалар қоры қанша жылға жетеді

15 шілде, 2025
Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарына қалай түсуге болады