Жапон отбасы қазақша сөйлеп, елді таң қалдырды
10 қыркүйек, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
Фото: Elordainfo.kz
Елордаға V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын тамашалауға келген ерлі-зайыптының видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ерлі-зайыпты қазақ тілін Жапонияда үйреніп алған.
«Біз Жапониядан келдік. Бұл кісі менің жолдасым. Ол да жапон. Астанадағы көшпенділер ойыны ұнап жатыр. Қазақ тілін Жапонияда өз бетімізше үйреніп алдық. Рақмет, сау болыңыз!», - дейді олар.
Ал желі қолданушылары жапон отбасына таңғалып, ризашылықтарын білдірді.
«Осы видеоны солтүстікқазақстандықтарға көрсету керек», «Қазақ-жапон бір туған», «Димаштың арқасында бүкіл әлем қазақша сөйлей бастады»,- деп жазды желі қолданушылары.
@mukushevkaira #tiktok #көшпенділер #қазақша #жапония ♬ оригинальный звук - mukushevkaira
Ұқсас жаңалықтар