Атырауда 1 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды
18 шілде, 2024
Торғын Аман
Оңалхан Өнерхан
Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1 млн теңге бопсаламақ болған күдіктіні құрықтады, деп хабарлады Elorda.info.
polisia.kz хабарлауынша, күдікті 27 жастағы азаматты жеке басына қатысты бейнематериалдарды әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан.
24 жастағы облыс тұрғыны жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсіп, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар