00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицейлер жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдіктіні ұстады

24 маусым, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Елордалық полицейлер жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдіктіні ұстады
Оңалхан Өнерхан

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында астаналықтарды алдады деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам Krisha.kz сайтына нарық құнынан төмен бағада пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны белгілі болды. Ол шұғыл ақша қажет деп және пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден 90 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұрағаны белгілі болды. 

Бүгінге дейін алаяқтың қармағына түскен 9 азамат полицияға жүгінген. Олардың бірі, 23 жастағы жәбірленуші, күдікті жіберген пәтердің фото-бейне жазбаларына сеніп, үйді көрместен 120 мың теңге ақшалай қаражатты алаяқтың шотына аударған, - делінген хабарламада. 

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.