Астаналық ғалымдардың өнертабысы Жапонияда таныстырылды
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары жапондық әріптестермен бірлесіп, Қазақстанның жол құрылысы тәжірибесінде төзімділігі мен беріктігі жақсартылған промерлі асфальтбетонды қолдануды апробациялау жұмыстарын жүргізеді. Суперасфальт жасаудың инновациялық технологиялары «ENU-Lab» ғылыми-өндірістік орталығында сынақтан өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
ЕҰУ ғалымдары Жапонияда өздерінің ғылыми әзірлемелерін таныстырды. Ұлттық университет зерттеушілері жаңа наноұнтақты базальт қалдықтарынан жасаған және асфальтқа минералды қоспа ретінде қолдану үшін шығарған. Шетелдіктер назарына топырақ тұрақтандырғыш, шуды оқшаулауға арналған жасыл экоқұрылыс материалдары, 100% сабан қалдықтарынан әзірлеген OSB панельдері де ұсынылды. ЕҰУ ғалымдары жапондық әріптестерінің назарын өз жобаларының экологиялық құрамдас бөлігіне аударды.
Жапонияның жетекші зерттеу университеттерінің өкілдерімен кездесу барысында асфальт және асфальт-полимер материалдары үшін микро- және нанодисперсті қоспаларды қолдану технологиясын бейімдеу бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу туралы келісімге қол жеткізді.
ЕҰУ, Нихон университеті және «Nichireki» компаниясының зерттеушілері Қазақстандағы жол құрылысы тәжірибесінде төзімділігі мен беріктігі жоғары промерлі асфальтбетонды қолдануды сынақтан өткізу бойынша бірлескен жұмыстарды жоспарлады.
«ENU-Lab» базасында жапондық әріптестермен бірлескен жұмыс суперасфальт технологиясының сапасы бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізуде тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.