Астаналық полицейлер алаяқтыққа қатысы бар екі күдіктіні ұстады
15 қазан, 2024
Олжас Сүлейменов
Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші құрылыс нысандарының бірінде жұмыс істеген. Оның айтуынша, екі жас жігіт қасына келіп, әріптестері түнде құрылыс материалдарын ұрлады деп алдап сендірген. Олар қолдарында ұрлықтың бейнежазбасы барын айтып, полицияға хабарлаймыз деп қорқытып, 300 мың теңге талап еткен. Сөздеріне сенген ер адам ақшаны қолма-қол берген. Алайда, көп ұзамай алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, кейін полицияға жүгінген.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері 29 және 23 жастағы екі күдіктіні анықтады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар