00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада журналистикадағы цифрлық дағдыларға арналған медиа-тренинг өтіп жатыр

Астанада журналистикадағы цифрлық дағдыларға арналған медиа-тренинг өтіп жатыр
фото: Elorda.info.

Елордада  Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының ұйымдастыруымен журналистикадағы цифрлық дағдыларға арналған «Digital skills in journalism» тақырыбында медиа-тренинг өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Медиа-тренингке Huawei Technologies Kazakhstan бас  директорының орынбасары Сью Хай қатысып, әлемде цифрлық технология қарқынды дамып жатқанын айтып өтті.

«Мен Huawei  компаниясында 30 жылға жуық жұмыс істеп келемін. Сондықтан да бүгінде әлем бойынша цифрлық технология жедел өзгеріп, әріқарай дамып жатыр деп нақты айта аламын. Журналистикада цифрлық технология құралдары белсенді қолданылады. Сондықтан да соңғы үрдістерді қолдану өте маңызды. Бүгінгі біздің компания ұйымдастырған медиа жиын барлықтарыңызға өте пайдалы болады деп үміттенемін»,- деді Сью Хай.

Ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов медиа жиынды ұйымдастырған Huawei компаниясына алғысын білдірді.

«Соңғы жылдары диджатал журналистика қарқынды дамып келеді. Әсіресе нарықта ақпаратты әлеуметтік желі арқылы таратуға көңіл бөлініп келеді. Сондықтан да цифрлық құралдардағы жаңа дағдыларды меңгеру әрқайсысымызға маңызды. Бүгін елордалық БАҚ өкілдеріне осындай мүмкіндікті ұсынып отырған, жалпы бүгінгі медиа-тренингті ұйымдастырған Huawei компаниясына алғысымды білдіремін»,-деді Евгений Кочетов.

Медиа-тренингке журналистикада цифрлық құралдарды пайдаланудағы соңғы үрдістер туралы айтылуда.

Сонымен қатар сторителлинг пен деректі жобалар жасаудың жаңа дағдыларын меңгеру, әлеуметтік желілерде контентті  ілгерілету бойынша практикалық кеңестер берілді.