Аса ірі мөлшерде ақша ұрлаған «Қазпошта» кассирлері сотталды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Алматы облысының прокуратурасы «Қазпоштадағы» миллиондаған қаражаттың жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тергеу барысында «Қазпошта» АҚ кассирлері түбіртектерді бұрмалау арқылы төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденгені белгілі болды. Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген.
Келтірілген залал сомасы 80 млн теңгеден астам.
«Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру және материалдық жауапты, сондай-ақ басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды» , - делінген ведомствоның хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар

3 қыркүйек, 2025
Тағы бір шетелдік әуе компания Қазақстанға ұша бастайды

3 қыркүйек, 2025
Еліміздегі жол сапасын енді жасанды интеллект бақылайды

3 қыркүйек, 2025
Қызылорда облысында мәдениет қызметкерлеріне 1,5 млн теңгеден астам тиісті өтемақы берілмеген

3 қыркүйек, 2025
Қазақстанда Үлескерлерді қолдау орталығы құрылды