00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қарағанды мектептерінде жарамдылық мерзімі 7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілер табылды

26 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қарағанды мектептерінде жарамдылық мерзімі 7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілер табылды
Фото: коллаж Elordainfo.kz

2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмеген, деп хабарлады Elorda.info.

Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған.

Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды. Қадағалау шараларымен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 7 мың баланың құқықтары қорғалды, - деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.