«Қант жеткізіп беремін»: ШҚО тұрғындарын алдаған күдікті ұсталды

фото: Polisia.kz
ШҚО-да жергілікті тұрғындарды қант жеткізіп беремін деп сан соқтырып кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға ШҚО-ның 19 тұрғыны арызбен жүгінген. Оларға әйел адам қант жеткізіп беретінін айтып, қомақты ақша алып кеткен. Ол 30 млн теңгені қалтасына салғаннан кейін хабарсыз кеткен.
«Тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Сот күдіктіге үй қамағы түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасын қабылдады», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Қазақстанның ұны АҚШ нарығына шықты

17 қыркүйек, 2025
Ерікті автосақтандыру: қазақстандықтарға КАСКО бойынша қанша төленді

16 қыркүйек, 2025
Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматыдағы 120 гектарлық инновациялық бақтың жұмысымен таныстырды

16 қыркүйек, 2025
Еуропа елдеріне кіріп-шығу ережелері өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек