00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда мектеп бухгалтері 46 млн теңге жымқырған

24 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда мектеп бухгалтері 46 млн теңге жымқырған
Фото: Оңалхан Өнерхан

Алматыда мектеп бухгалтері 46 млн теңгеден астам бюджет қаржысын қолды қылған, деп хабарлады Elorda.info Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Мектептің бас бухгалтері штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын ақшаны бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.

«Аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.