00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алдағы жылдарда республикалық бюджетке Ұлттық қордан 6 трлн теңге бөлінеді

Алдағы жылдарда республикалық бюджетке Ұлттық қордан 6 трлн теңге бөлінеді
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдары республикалық бюджетке алынатын кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын әзірледі, деп хабарлады Elorda.info.

Оған сәйкес, 2025, 2026 және 2027 жылдары республикалық бюджетке Ұлттық қордан 2 трлн теңгеден, жалпы сомасы 6 трлн теңге қаражат бөлінеді. 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2025 – 2027 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

2025 жыл – бір баррель үшін 42,3 АҚШ доллары;

2026 жыл – бір баррель үшін 41,0 АҚШ доллары;

2027 жыл – бір баррель үшін 39,4 АҚШ доллары», -  делінген заң жобасында.

Құжаттың түсіндірме жазбасында үкімет басшысы Олжас Бектенов аталған жылдары мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін кірістерге де болжам жасаған. Ол бойынша, 2025 жылы 2,277 трлн теңге, 2026 жылы 2,276 трлн теңге, 2027 жылы 2,277 трлн теңге мөлшерінде Ұлттық қорға қаражат түсуі тиіс.