Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі. 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады. Түнгі уақыттарда жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді. Түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжануда, - деді А.Исмагулова.
Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон жотасы әсерінен, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы болады. Сондай-ақ, суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды. Онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы болмақ.