Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы Ащылысай аулының маңында орын алған жол апатынан 4 адам мерт болды, деп хабарлады Elorda.info.
Жол апаты «Ақтөбе-Орск» автожолында болған.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көлік құралының аударылуына жол берді. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды.
Аталған автокөліктің жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ресей Федерациясының Орск қаласына жолаушыларды тасымалдауды ресми түрде жүзеге асырғаны және жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері осы жүргізушімен жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізгені анықталды. Алайда, жүргізуші полицейлердің ескертуін елемеген», - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.