00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақтөбе облысында бөгетті сенімгерлік басқаруға алған тұлға тергеліп жатыр

11 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақтөбе облысында бөгетті сенімгерлік басқаруға алған тұлға тергеліп жатыр
Фото: Бақтыгүл Бурбаева

Қаржылық мониторинг агенттігі өз міндетіне немқұрайлы қарау фактісі бойынша Ақтөбе облысындағы «Магаджан» бөгетін сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады Elorda.info.

2014 жылы бұл бөгет балық шаруашылығын жүргізу мақсатында жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берілген. ЖШС бөгетті күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамаған.

Cотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Естеріңізге саламыз, биыл 5 сәуірде Ақтөбе облысының Хромтау ауданында орналасқан «Магаджан» бөгеті бұзылған болатын.  

Су тасқынынан Алға ауданының Бесқоспа, Қызылту және Табантал ауылынан 215 адам, оның ішінде 96 бала, сондай-ақ Ақтөбе қаласы Елек және Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындары эвакуацияланды.