Айдос Садықовқа қастандық жасау ісі: Бас прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр
21 маусым, 2024
Торғын Аман
коллаж Elordainfo.kz
Бас прокуратура Айдос Садықовқа қастандық жасау фактісіне қатысты қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылы 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге қастандық жасау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды, онда қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстанның Бас Прокуроры Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар