00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Аида Балаева «Масс-медиа туралы» заңға қатысты пікір білдірді

Аида Балаева «Масс-медиа туралы» заңға қатысты пікір білдірді
коллаж Elorda.info

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында қызу талқыланып жатқан «Масс-медиа туралы» заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

 

«Құрметті әріптестер! Бүгінде кәсіби медиа қауымдастығы «Масс-медиа туралы» Заңды іске асыру мақсатында әзірленген аккредитациялаудың Үлгілік қағидалары жобасын қызу талқылауда. Осыған орай оның кейбір тұстарын нақтылай кеткім келеді.

Жалпы аталған құжат жобасы қолданыстағы ережелермен салыстырғанда аса көп өзгермеген. Мысалы, аккредиттеуден бас тарту негіздері туралы ережелерге тоқталсақ. Бұл БАҚ-тың жұмыс істеуін уақытша тоқтату немесе мүлдем жабу және ресми реестрде тіркелмегені туралы сот шешімі күшіне енген жағдайда іске асады.

Одан өзге, журналистер арасында ең көп сұрақ тудырған Ереженің 10-тармағына, атап айтқанда, БАҚ өкілдерінің қандай талаптарды сақтауы керектігіне тоқталамын.

 Біріншіден, кез келген журналист қай БАҚ атынан аккредитациядан өтсе, сол редакцияға ғана ақпаратты жинап, жариялай алады. Алайда журналиске бірден бірнеше БАҚ атынан аккредитация алуға ешкім тыйым салмайды.

 Екіншіден, бұл талап белгілі бір оқиғаға/іс-шараға қатысты журналистердің жеке пікірлері мен ұстанымдарын әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында білдіруге қатысы жоқ», - деді А.Балаева.