00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ахмет Байтұрсынов жайлы фильм көрерменге жол тартады

Ахмет Байтұрсынов жайлы фильм көрерменге жол тартады
Фото: Жансая Таңырқұл

Бүгін елордада қазақтың көрнекті ағартушысы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов туралы «Соңғы үкім» атты толықметражды фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Халқымыздың біртуар перзенті, қайраткер тұлға, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолынан сыр шертетін жаңа туындының премьерасындажүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Бұл фильм жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойына патриоттық сезімді оятуғаүлгі болады деп сенімдімін. Елімізде кино саласы дамып келеді. Кино ұлттық идеологиямыз бен рухани келбетімізді әлемге әйгілейді. Былтыр 18 ұлттық фильм түсірілді, - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Фильмнің сценарий авторы әрі продюсері – Ғалым Доскен. 

Фильмдегі әрбір сахнаның  тарихи шындыққа сүйене отырып жасалғандығына біз кепілдік бере аламыз. Фильмді түсіру барысында Қазақстан мен көрші Ресейдің архивтерімен жұмыс істедік. 5 кеңесшіміз болды. Толықметражды фильмді түсіруге 2 жарым жылдай уақыт кетті. Түсірілім пандемия уақытында басталды. Ауырлау болды. Түсірілім жұмыстары Алматы және Семей секілді 2 үлкен қалада өтті. Себебі Семейде ескі үйлеркөп болды, - деді фильмнің сценарий авторы.

Мұнда қоғам қайраткері, ғалым, ақын, 20 ғасырдың басындағы қазақ саяси элитасының көрнекті көсемдерінің бірі – Ахмет Байтұрсынұлының таңғажайып тағдырына әсер еткен елеулі оқиғаларды баяндалады.

Тарихи драманың режиссерлері – Ерген Тоқмырзин және Ерлан Нұрмұхамбетов.

Басты рөлдерде Азамат Сатыбалды, Дарья Александрова, Еркебұлан Дайыров, Айдар Наурызбаев, Александр Багрянцев, Ерлан Кәрібаев, Дәурен Серғазин және т.б ойнайды. 


Мұндай образды сомдау - қиын. Алайда мен ұлт ұстазы Ахмет Бвйтұрсынұлының образын көрерменге жеткізуге тырыстым. Бұл - мен сомдаған тарихи тұлға. Біріншісі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың образы. Мұқағали Мақатаевқа қатысты туындының түсірілімі аяқталар тұста осы рөлге ұсыныс түсті. Түсірілім барысында фильмнің сценарий авторы Ғалым ағай (Ғ.Доскен) бірге тығыз жұмыс істедік. Бұл - мен үшін үлкен тәжірибе, - деді Азамат Сатыбалды. 

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен «Folklore Media» студиясы түсірген.

Аталмыш фильм 23 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.