00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

АЭС-тің экологиялық тұрғыдағы тиімділігі

АЭС-тің экологиялық тұрғыдағы тиімділігі
Фото: дереккөз

PhD докторы, қауымдастырылған профессор Нұрлан Амангелді АЭС салудың тиімділігі туралы пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Елімізде демографиялық тұрғыда бала туу жақсарды, халық саны артып келеді. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасында шағын және орта бизнес саласы іргеленіп, ірі өндіріс орындары қуаттылығын арттырады. Қызмет көрсету және тағы басқа қоғамдық салаларда IT, 3D принтер, роботтехнология дендеп еніп, энергияны көптеп талап етеді. Мұндай үдерісті қазірдің өзінде сезініп отырмыз.

2035 жылға қарай 26,5 ГВт-тан астам жаңа генерация енгізіледі. Сарапшылардың болжамы бойынша электр энергиясының 37 пайызын баламалы энергия көздері – күн және жел генерациясынан алады. 27 пайызы газ станцияларынан, 17 пайызы көмір станцияларынан, 12 пайызы су станцияларынан, 9 пайызы атом станцияларынан электр энергиясын өндіретін болады.

Жалпы ЖЭС мен АЭС-тің жұмыс істеу принципі ұқсас. Экологиялық тұрғыда АЭС-тер артықшылыққа ие. Мәселен, Қазақстандағы парниктік газ шығарындыларының 81,6 пайызы көмірқышқыл газы, 12,4 пайызы метан, 5,6 пайызы азоттың шала тотығы.

Енді 1 ГВт электр энергиясын өндіру кезінде ЖЭС-тің қоршаған ортаға тигізетін зиянын саралайтын болсақ, 7-120 мың тонна күкірт тотығы, 2-20 мың тонна азот тотығы, 700-1500 тонна майда күл, 3-7 млн тонна көмірқышқыл газы, 300 мың тонна күл шығады. Ал, АЭС-те қоршаған ортаға зияны тиетін мұндай газдар мен қалдықтар шықпайды.

Экологтар арасында Балқаш көлінің экожүйесіне АЭС кері әсер етеді Негізі көлдің булану көлемі жылына 18,934 млрд текше метрді құрайды. Яғни, Балқаш көлінен АЭС қажеттіліктері үшін жұмсалатын жылдық су ысырабы оның табиғи булануының шамамен 0,33 пайызын құрайды.

Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің дерегі бойынша, 2050 жылға қарай барлық елдің АЭС-інен өндірілетін электр энергиясы 792 ГВт жетіп, 2 есеге өседі. Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде АЭС-ті салуы маңызды.