Ақтау маңында құлаған әзербайжандық ұшақтың эксклюзивті суреттері жарияланды
Әзербайжанның AnewZ телеарнасы Ақтау маңында құлаған ұшақтың апаттан кейінгі көрінісі туралы эксклюзивті кадрлар жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Суреттерден ұшақ фюзеляжінің сырттан килігу әсерінен болған бүліну белгілерін көруге болады. Нақты айтқанда, жарықшақтардың ізі айқын бейнеленген. Бұл кескіндер әуелде айтылған құстармен соқтығысу немесе оттегі баллонының жарылуы сияқты болжамдарға күмән тудырады.
«Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздің мәліметі бойынша тергеудің алдын ала қорытындысы ұшақты Грозныйға жақындап қалғанда ресейлік «Панцирь-С» әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешенінен ұшырылған зымыран құлатқанын болжайды. Бұған дейін Цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев зымыран атылғанын, қандай типті зымыран екені анықталып жатқанын мәлім еткен. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ұшақты Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғанысы Ресей аумағында байқаусызда атқанын мәлімдеді. Әзербайжан басшысы кінәлі тарап айыбын толық мойындап, кінәлілерді жазалауды, құрбандардың өзіне және отбасына өтемақы төлеуді талап етті», - деп жазылған материалда.
Айта кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ апатқа ұшырады.