Ақтөбеде шахтерлер мен қызметкерлерге 213 миллион теңге жалақылары төленбеген

Фото: Оңалхан Өнерхан
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық прокуратурасы «Оңтүстік шахта құрылыс» ЖШС-нің 156 жұмысшыға 165 млн теңгеден астам жалақы төлемеу дерегін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді. Бұл жиынға «ҚазХром» ТҰК» АҚ басшылығы мен ЖШС құрылтайшысы да шақырылды.
Қабылданған шаралармен жалақы қарызы толығымен өтелді.
Сондай-ақ Шалқар аудандық прокуратурасымен «Ұлы Борсық» КМК-нің 519 қызметкерге 48 млн теңгеден астам жалақы қарызы анықталып, прокурорлық ықпал ету актісімен өтелді.
Осылайша, аталған кәсіпорындардағы 213 млн теңге болатын жалақы қарыздары өтеліп, жұмысшылардың құқықтары қалпына келтірілді.
Ұқсас жаңалықтар

12 қыркүйек, 2025
Гір көтеру спортынан үш дүркін әлем чемпионы әскерде борышын өтеп жүр

12 қыркүйек, 2025
Қазақстан бейбітсүйгіштік рейтингі бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында

11 қыркүйек, 2025
Абай облысында жыл басынан бері қос азаматтық үшін 15 адам жауапқа тартылды

11 қыркүйек, 2025
Маңғыстауда мұнай-газ саласындағы бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды