Ақтөбе облысында асыл тұқымды мал алуға бөлінген 1 млрд теңгені жымқырғандар сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігі «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезіндегі алаяқтық фактілерін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тергеу барысында 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ірі қара малды сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталды.
«Құқыққа қайшы әрекеттермен мемлекетке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық ірі мөлшерде залал келтірілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.