00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ақмола облысында 95 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды

Ақмола облысында 95 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Фото: Elordainfo.kz

Кеше Ақмола облысында 95 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болған еді. Құтқарушылар тасжолдағы ахуал туралы ақпарат берді, деп хабарлады Elordainfo.kz  Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ТЖМ мәліметінше, Ақмола облысы Бұланды ауданы Жаңаталап ауылының маңындағы тасжолда болған апат салдарын жою және көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары апат орнына дереу жіберілді. Оқиға орнына вице-министр Кеген Тұрсынбаев бастаған ведомство басшылығы да барды. Авариялық-құтқару жұмыстары барысында 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Олар Астана қаласына бара жатқан көліктермен және ТЖ көлігімен жөнелтілді. Медициналық мекемелерге 21 адам жеткізілді, өздері жүгінген азаматтар да бар, оның ішінде 11 адам ауруханаға жатқызылды.  Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен 152 адам және 68 бірлік техника жұмылдырылды.

Жылыту пункттері ашылып, адамдар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.  Облыстық ТЖД-да 8716-2-52-09-50 нөмірлі жедел желі телефоны жұмыс істейді. «Астана- Щучинск» жол учаскесін босату мақсатында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары бөлу шекарасы қоршауын бөлшектеуді жүргізуде. Бұл шара көлік қозғалысын едәуір жақсартуға, жүргізушілерді өткізіп жіберуге және полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жолды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Астана қаласына қарай 600-ден астам техникадан тұратын колоннаны алып жүру ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Щучинск қаласының бекетінде 140 бірлік техника жиналған. Щучинск қаласының жылыту пунктіне 95 адам, оның ішінде 39 бала эвакуацияланды. Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Макинск қаласындағы станцияға 16 азаматты, оның ішінде 8 баланы жеткізді.

Азаматтар «Астана-Щучинск» тас жолының учаскесінен эвакуацияланған болатын. Олар теміржол көлігімен Астанаға жөнелтілді. 2025 жылғы 3 қаңтарда сағат 23:50-дегі жағдай бойынша Астана-Петропавл автожолындағы ЖКО орынынан барлық 95 автомобиль жөнелтілді. Жол-көлік оқиғасының салдары толығымен жойылды, қисық сызықты брус қалпына келтірілді. Жол қызметінің қызметкерлері жол учаскесін толығымен тазартты. 

«ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз», - делінген хабарда.