00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

7 жасар өгей қызын өлтірген Балжан Тұрлыбек 20 жылға бас бостандығынан айырылды

18 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
7 жасар өгей қызын өлтірген Балжан Тұрлыбек 20 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: freepik.com

Сотталушы – қыздың 47 жастағы өгей шешесі, белгілі қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі ("Кәмелетке толмағанды өлтіру") бойынша сотталды, деп хабарлайды Elorda.info.

Істі судья Ерлан Болатов қарады.

Сот Тұрлыбек Балжанды Қылмыстық кодекстің 99-бөлімінің 3-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танып, ол үшін 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге үкім шығарды. 2023 жылғы 10 шілдеден бастап қамауда ұстау мерзімі бір жарым тәулікке есептелсін. 677 мың теңге процессуалдық шығын өндірілсін және жәбірленушілердің өтемақы қорына 30 АЕК көлемінде төлем өндірілсін. Азаматтық талап арыз қараусыз қалдырылсын, – деді судья.

Судья үкімді түсіндіріп өтті. Оның сөзінше, сот барысында дәлелдер бағаланып, қыздың өлімі кезінде болғандардың жауабына ерекше назар аударылған. Үкім куәгерлердің, жәбірленушінің әкесінің және сот процесінде жауап алынған басқа да куәгерлердің айғақтарына негізделген. Сондай-ақ айыпталушының өзінің берген үш айғағы (сотқа дейінгі тергеу және сот барысында) сыни бағаға ие болды. Сот қорғаушылардың тергеу биологиялық сараптама тағайындамағаны туралы уәжін және басқа да уәждерін қарап, оларды негізсіз деп тапты.

Өз кезегінде Балжан Тұрлыбек апелляциялық шағым түсіретінін айтты. 

Сот-медициналық сарапшының сөзінше, қыздың өліміне «ми затының көгеруі, бас миының қабықшаларының астына қан құйылуы, ауыр жабық бассүйек-ми жарақаты нәтижесінде бас миының ісінуі» себеп болған. Зерттеу қыз қайтыс болған күннен бір тәуліктен кейін жүргізілген.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.