00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Су басу қаупі бар жол учаскелерінде жұмыстар жүргізіліп жатыр

Су басу қаупі бар жол учаскелерінде жұмыстар жүргізіліп жатыр
ашық дереккөз

Республикалық маңызы бар күре жолдарда су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол»ҰК»АҚ қарасты республикалық автожолдар желісінде жолшы мамандар су өткізу құбырлары мен көпір асты аймақтарының арналарын қар мен мұздан тазарту, су тасқына тойтарыс ретінде траншея қазу, су басу қаупі жоғары жол бөліктерін нығайту және өзендердегі су деңгейін күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Инертті материалдары бар қаптар дайындалды. Жұмысқа 700 бірлік  арнайы техника мен 1100-ге жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес биыл қыста еліміздің солтүстігі мен шығысында жауған жауын-шашын мөлшері нормадан асып түскен. Соңғы гидрологиялық болжамға сәйкес Қазақстанда қар жамылғысының аумағы 72% - дан 40% - ға дейін азайған.

Республикалық маңызы бар күре жолдардағы ахуал туралы ақпарат алу үшін немесе штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады.