00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 56 елді мекен газбен қамтылады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 56 елді мекен газбен қамтылады
ашық дереккөз

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 2023 жылы еліміздің елді мекендерін газдандыру жоспарымен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ел тұрғындарын газбен қамту аясында өткен жылы 142 жоба жүзеге асырылды.  Биыл 56 елді мекеннің 167 мың тұрғынын газбен қамту үшін 86 жоба жоспарланған, - деді Роман Скляр.

Осылайша, елді газдандыру 60% дейін жеткізіледі.

Сонымен қатар Скляр Қазақстандағы жылу электр стансалары мен электр желілерін тексеру қашан аяқталатынын айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық жылу электр стансалары мен электр желілеріне ревизия жүргізілуде. Аудит осы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Оның қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар жоспары қабылданады, -  деді Роман Скляр.