00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміздің үш облысында трассалар жабылды

31 наурыз, 2023
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Еліміздің үш облысында трассалар жабылды
ашық дереккөз

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста жол учаскелері жабылды, деп хабарлады Elorda.info KazAvtoJol-ға сілтеме жасап.

10 ақпан сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 337 бірлік жол-пайдалану техникасы мен 636 маман жұмылдырылды, - деп жазылған хабарламасында.

Алматы облысында – 2 учаске:

Тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін

- «Алматы-Өскемен» тасжолы, уч. Қонаев-Шеңгелді арасы;

Автокөліктің барлық түрі үшін

- «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолы, Байсейіт - Қорғас арасы;

Жамбыл облысы - 1 учаске:

Көліктің барлық түрі үшін

- «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолы, Кенен-Благовещенка арасы, (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады)

Жетісу облысы – 2 учаске:

Тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін

- «Алматы-Өскемен» тасжолы, Шеңгелді-Қарабұлақ арасы;

- «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қарабұлақ-Үшарал арасы.