00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді
ашық дереккөз

Жол бойында көрінудің нашарлауына байланысты республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлады Elorda.info «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ-ның Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарындағы өңірлік филиалдарының күштері мен құралдары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Жоғарыда аталған өңір тұрғындарын алыс сапарға шықпауға шақырамыз. Ауа - райы болжамы мен тасжолдардағы ахуал туралы хабарламаларды ескеру қажет, - деп жазылған хабарламада.

Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады.

Абай облысында тіркемелі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін «Омбы-Майқапшағай» (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) және «Алматы-Өскемен» автожолдарында (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) қозғалыс шектелді.

Автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс төмендегі жол учаскелерінде шектелді:

1. «Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейінгі аралығы;

2. «Омбы-Майқапшағай» тасжолының Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі аралығы;

ШҚО-да тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» автожолының Қалбатау ауылынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жетісу облысында «Үшарал-Достық» күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.