Елімізде ауа райына байланысты 115 жол жабық тұр
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін сағат 10.00-дегі жолдардағы өзекті ақпаратты ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Ауа райының нашарлауына байланысты 115 жол учаскесі жабылды, оның ішінде республикалық маңызы бар 39 жолда дизельді және қоғамдық көлікке жүруге тыйым салынған.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сенсек, қазір Теміртау қаласынан шығатын тұста 57 көлік тұр.
Осы тәулікте құтқарушылар 7 адам, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады (Қостанай облысы – 7/5).
Уақытша жылыту пунктіне 59 адам орналастырылды, оның ішінде 11 бала бар (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы– 7/5).
Ұқсас жаңалықтар