Автонесие беру қашан жалғасады
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан жанданатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Оның сөзінше, бағдарламаның алдағы қарқыны осыған дейін несие алғандардың қарызын уақтылы төлеуіне байланысты.
«Бәйтерек» холдингінің маған баяндаған мәліметі бойынша, револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталу керек. Ол ақша келесі траншпен жеңілдетілген автонесие ретінде басқа азаматтарға берілуге тиіс. Қазір 188 млрд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игерілуде. Бұл жұмыс жалғасады, - деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар