00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ХҚКО мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары 16 желтоқсанда жұмыс істемейді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ХҚКО мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары 16 желтоқсанда жұмыс істемейді
ашық дереккөз

Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 16 желтоқсанда Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлады Elorda.info «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

Желтоқсанның 17-сі мен 18-і демалыс күндеріне сәйкес келуіне байланысты ХҚКО бұл күндері де жұмыс істемейді.

Бұл ретте кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары сенбі, 17 желтоқсан күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін атап өтеміз. 19 желтоқсан яғни  дүйсенбіден бастап ХҚКО қайтадан әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді, - деп жазылған хабарламада.

Жұмыс күндері ХҚО және Арнайы ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО және Арнайы ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.