00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жеңілдетілген автонесие: автосалондардың алдын ала төлем талап етуі заңды ма?

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жеңілдетілген автонесие: автосалондардың алдын ала төлем талап етуі заңды ма?
ашық дереккөз

Сенат отырысынан кейін журналистер министрден автосалондардың кейде көлік құнының 30%-на дейін алдын-ала төлем талап етуі қаншалықты заңды екенін сұрады, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Сіз айтып отырған мәселені мен де естідім. Мұндай өзгерістерді автосалондар жасап жатыр дейді. Қазір бұл мәселені құзырлы мемлекеттік органдармен талқылап жатырмыз.

Ол сұраққа ресми түрде жауап береміз, - деді Қайырбек Өскенбаев.

Айта кетейік, жеңілдетілген несие берудің қолданыстағы ережелеріне сәйкес, автокөлікті сатып алушы бірінші кезекте автосалонмен келісімге қол қоюы керек.

Тек несие сомасы автокөлік құнынан аз болған жағдайда ғана және тікелей автокөлікті сатып алу кезінде ғана алдын ала төлем жүргізіледі.