00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мектептердің 96 пайызы интернетке қосылған

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мектептердің 96 пайызы интернетке қосылған
ашық дереккөз

Қазақстан мектептерінің 96,7 пайызы интернет желісіне қосылған, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, білім ордаларының жалпы санының 67,1%-ы заманауи жабдықтармен, модификацияланған оқу кабинеттерімен жабдықталған.

Елдегі барлық мектеп ауыз судың негізгі көздеріне қосылған және қажет деген жабдықтары бар бөлек дәретханалармен қамтылған. Жылы дәретханалар мектептердің 78,4 пайызында ғана бар, білім беру мекемесінің 1 пайызында дәретханалар сыртта орналасқан, - деп жазылған хабарламада.