00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сайлау учаскесінде қолөнер көрмесі ұйымдастырылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сайлау учаскесінде қолөнер көрмесі ұйымдастырылды
ашық дереккөз

Атырауда сайлау учаскесінде қолөнер көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Azattyq Ruhy жазуынша Атырау қаласы Жұлдыз ықшам ауданындағы №39 жалпы білім беру орта мектебінде орналасқан №251, 252 сайлау учаскесіне келушілерге ерекше жағдай жасалды. Мұнда мектеп оқушыларының үздік деген 20 туындысы және жергілікті қолөнершілер Нұрсұлтан Қалиевтің ағаш-тері бұйымдары мен Айнұр Меңдібайдың қыз жасауы қойылды. Келушілер ұлттық бұйымдар туралы тың ақпараттармен танысты.   

Сайлау учаскесіне келушілер ұлттық бұйымдарымызбен танысып, кейбірі ұнатқан дүниесін сатып алып жатыр. Басты мақсат - халыққа ұлттық өнерді насихаттау, қолөнершілердің еңбегін бағалау, оларды таныту. Баршасының көңіл күйі жақсы. Халық сайлауға белсенді қатысып жатыр,  - деді №39 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі Рита Мұқанова.