Республикалық маңызы бар жолдар бақыланады
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Республикалық маңызы бар жолдар бақыланады, деп хабарлады Elorda.info.
«Хабар24» телеарнасының мәліметінше, күннің күрт бұзылуына орай күре жолдардағы бақылау күшейтілді.
Мамандардың айтуынша, қар тәулік бойы тазартылып, құм-тұз қоспалары уақытылы себіліп жатыр. Бұл шаруаға 300-ден астам арнайы техника мен 400 жұмысшы жұмылдырылды. Қазір республикалық маңызы бар жолдар ашық.
Бірақ «Қазгидромет» жолаушылар мен жүргізушілерді сақ болуға шақырады. Себебі бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр, боран мен көктайғақ болады деген болжам бар. 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды.
Штаттан тыс жағдай туындаса, 1403 нөмірі арқылы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына хабарлау керек. Сall-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар