00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекеттік органдар арасында жаңа чат іске қосылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекеттік органдар арасында жаңа чат іске қосылды
ашық дереккөз

Мемлекеттік органдар арасында «Депутаттық сауал» атты жалпы чат іске қосылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Парламентімен тиімді қарым-қатынас жасау Үкіметтің заң шығару қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Депутаттық сауалдарда көтерілетін мәселелердің өзектілігін ескере отырып, оларды сапалы қарастыру мәселелері Үкіметтің тұрақты бақылауында. Премьер-министр қол қойғанға дейін тиісті вице-премьерлердің жауаптарды тікелей мақұлдау тәжірибесі енгізілді. Сондай-ақ депутаттық сауалдарға жедел жауап беру мақсатында мемлекеттік органдар арасында «Депутаттық сауал» атты жалпы чат іске қосылды, - деді Әлихан Смайылов жауабында.

Оның атап өтуінше, Үкіметтің құрамына кіретін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына мұқият пысықталған, толық жауап дайындау мәселесін бақылауда ұстау тапсырылды.

Сондай-ақ мемлекеттік органдарға сауалдардың бастамашыларымен қарым-қатынас орнату және көтерілген мәселелерді шешудің нақты жолдарын ұсыну, қажет болған жағдайда бірлесіп талқылау жөнінде тапсырма берілді, - деді Үкімет басшысы.