00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қостанай облысындағы өрт қасақана қойылған – министр

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қостанай облысындағы өрт қасақана қойылған – министр
ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт бойынша жүріп жатқан тергеу жұмыстарына қатысты түсінік берді. Ол алапат орман өртіне табиғи фактордың қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Біз өрт табиғи фактор әсерінен болды деген нұсқаны жоққа шығардық. Өйткені бұл аймақта найзағай болған жоқ. Көбіне найзағай біраз өртке себеп болып жатады. Біздің жедел топ 3 қыркүйекте өрт болған жерге келгенде кезде де, тікұшақтан бақылау барысында да негізгі өрттен 1,5-2 шақырым жерде желге қарсы жанып жатқан өрт ошақтары болды. Онда адами фактордың қатысы болғаны сөзсіз. Сонымен қатар жақын жердегі дала алқаптары өртенді. Бұл өрт әуелде далалық алқапта басталып, кейін жел епкінімен таралғанын көрсетеді, - деді министр.

Юрий Ильин өрт қасақана қойылды деген нұсқамен келісетінін атап өтті. Оның айтуынша, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.  Министр өрттің найзағай түсуден тұтанғаны туралы болжам жіті тексеріліп, жоққа шығарылғанын айтты.

Абайсызда оттың шығуы да өртке себеп емес. Өйткені бірнеше өрт ошағы табылған. Жұрттың шабылған шөбін өртеп, өзінікін қымбатқа сату үшін қасақана өрт қойылуы мүмкін, - дейді минситр.

Юрий Ильиннің мәлімдеуінше, тергеу шаралары барысында бірқатар шенеуніктен де жауап алынған.