00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Коньяк пен брендиді арзан бағаға сатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коньяк пен брендиді арзан бағаға сатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынады
ашық дереккөз

Қазақстанда ликер-арақ, коньяк пен брендиді арзан бағамен сатқан кәсіпкерлерген 2022 жылғы 11 қыркүйектен бастап айыппұл салынады, деп хабарлады Elorda.info Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілгені белгілі. Онда арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ сусындарына, коньяк пен брендиге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу көзделген, – деп жазылған хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, қазіргі кезде коньяк пен брендидің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 1 930 теңгені құрайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ сусындарын, коньяк пен брендиді бөлшек сауда бағасынан төмен бөлшек саудада өткізгені үшін жоғарыда аталған алкоголь өнімдерін тәркілей отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады, - деп жазылған хабарламада.