Елордада шетелдік жүргізуші полицейге пара беруге тырысты
25 ақпан, 2023
Айман Нығмет
ашық дереккөз
27 жастағы жүргізуші іс-әрекетінің заңсыздығын ескерткеніне қарамастан, патруль көлігінің салонына ақшаны қалдырған, содан кейін ұсталған. Тәртіп бұзушының заңсыз әрекеті полицейдің қызметтік бейнетіркегішіне жазылып қалған. ҚР ҚК 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті лауазымды тұлғаға пара беру - қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын, яғни айыппұл түрінде немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру көзделгенін ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар